Ким Чен Ын коронавирусқа тап болған Оңтүстік Корея туралы айтты

rbk.ru
Ол Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына алаңдаушылық білдірді.

КХДР басшысы коронавирус індетіне байланысты Оңтүстік Корея президентіне қолдау білдіріп, өзінің ізгі тілегі жазылған хат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Мен Оңтүстік Корея індетті жеңе алады, деп сенемін", деген Ким Чен Ынның хатын брифингте Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн До Хан оқып берді.

Ким Чен Ын сондай-ақ Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына да алаңдаушылық танытыпты. Сосын ешқандай көмек көрсете алмайтынын өкінішпен жеткізген екен.

КР президентінің әкімшілігі бұл хатқа алғыс ретінде жауап хат жолдады.

Соңға деректерге сай, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 5 766 адамға жетті, 35 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді