Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді 8-наурыз мерекесімен құттықтады

Ақорда
Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ардақты аналар!

Аяулы арулар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.

Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады.

Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.

Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі