Мұнай бағасы қатты құлдырады, енді бензин қымбаттай ма - министр жауабы

Хабар 24
Бензин бағасын нарық реттейді, біз емес - Ноғаев.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев үкімет дәлізінде бензин бағасы алда қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр ОПЕК келісімінен Ресейдің шыққаннан кейінгі бұл мәселедегі Қазақстан ұстанымына қатысты көзқарасын білдірді.

- Консенсус, өзара келісім - әрқашан барлық тарапқа пайдалы еді. Ендіболары болды, ОПЕК-ке мүше елдер бұдан кейін не істейді, соған қарайтын боламыз, - деді ол.

Сонымен қатар, министр 18 наурыздағы ОПЕК отырысына қатысатын Қазақстанның ұстанымын да атап өтті.

- Ол кезде келісімді ұзарту немесе тоқтата тұру мәселе қарастырылмайды. Олар комиссия емес. Бірақ жұмыс тобы арасында оны сөз ететін кез болады. Шешім қабылдауға дайындық дегендей, - деді министр.

Ноғаев бензин бағасына да тоқтала кетті.

- Бензин бағасын нарық реттейді. Бүгінгі таңда барлық МӨЗ мұнаймен қамсыздандырылғанғ бензин өндіруге қажетті мұнай өнімдері бар. Алаңдауға негіз жоқ, - деп атап өтті ол.

Шенеуніктің айтуынша, бүгінде барлық мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

- Бірнеше жылдан бері бензин бағасы сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеліп келеді. Министрліктің міндеттеріне қажетті мұнай көлемін және нарықты қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету кіреді. Бүгінгі күні барлық мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, ешқандай кедергі жоқ. Қажетті мұнай көлемі жеткізіліп жатыр, сонымен қатар нарыққа мұнай өнімдерінің қажетті көлемі де жеткізілуде. Бензиннің сапасы елімізде белгіленген стандарттарға сәйкес келеді. Біздің жоғары сапалы К4, К5 бензинін шығаратынымызды білесіздер, - деп сөзін қорытындылады Ноғаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты