Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда коронавирус анықталуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамдары мен математикалық модельдеріне сәйкес, алдағы 2-3 күнде Қазақстанда коронавирус анықталуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін, - деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.

7 наурызда Қазақстан коронавирус таралуы қауіпі жоғары елдердің тізімін жаңартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: