Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді
Фото: pixabay
Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы күрт құбылады. Ел аумағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал оңтүстік өңірлерге ауа температурасы +44°C-қа дейін жететін аптап ыстықтың жаңа толқыны жақындап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған 2026 жылғы 28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамында айтылған.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр болжанады", – делінген хабарламада.
Тек республиканың оңтүстігінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Ауа температурасына келсек, Қазақстанның батыс өңірлерін қоспағанда, ел аумағының басым бөлігінде күн біртіндеп ысиды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Болжам бойынша күндіз ауа температурасы:
- республиканың солтүстік жартысында +30...+38°C-қа;
- оңтүстік жартысында +33...+44°C-қа дейін көтеріледі.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 27 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript