Инспекторлар Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойды

Баспасөз қызметі
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуге тыйым салынған, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ағымдағы жылғы 17-24 ақпан аралығында Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасынан елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірудің 26 фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, РФ-дан фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың бірлік гүл өнімдері және Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тиым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бұған дейін АШМ мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан манго өнімдері мен АҚШ-тан миндаль жаңғағын Қазақстанға кіргізбегенін айта кету керек.

Атап айтқанда, Ресейден Қазақстанға фитосанитарлық сертификатсыз 2 тонна күнжіт тұқымы, 20 тоннадан астам грек жаңғағы, құрма және кептірілген манго, 39 тонна картоп, 67 тонна күнбағыс және 58,5 текше метр кесілген ағаш кіргізілмек болған.

Сондай-ақ, жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен 2,3 мың тонна арпа алып келу фактісі анықталған.

Жүктің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлық сертификатсыз республиканың мемлекет шекарасына Вьетнамнан 23,4 тонна кофе дәндері және АҚШ-тан 86,6 тонна миндаль жаңғағы алып келінген.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуге тыйым салынған, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары ел аумағына қаптама таңбалары жоқ Өзбекстаннан келген 23 тоннадан астам жеміс, оның ішінде 6 тонна анар және 30 тонна сәбіздің кіруіне тыйым салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды