Таиланд коронавирусқа байланысты қазақстандықтардың елге кіру тәртібіне өзгеріс енгізді

24.kz
Таиландта бір адам коронавирустан қайтыс болды.

Таиланд билігі коронавирустың кең тарап, қауіп туғызуына байланысты 18 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да азаматтарына елге келген кезде виза тіркету мүмкіндігін шектеді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ішкі істер министрі Анупонг Паочинду мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, 18 елдің азаматтары төлқұжат немесе басқа құжаттарын көрсетіп, Тайландқа келген кезде виза алуға жүгіне алатын. Олар - Болгария, Бутан, Қытай, Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мальта, Мексика, Науру, Папуа-Жаңа Гвинея, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату азаматтары.

Сонымен қатар, Тайланд билігі Оңтүстік Корея мен Италия азаматтары үшін, сондай-ақ Гонконгтың тумалары үшін "визасыз режимнің" күшін жойды. Коронавирустық індет басталғаннан бері Таиландта 59 науқас емделіп жатыр, оның 34-і емделіп шықты, біреуі қайтыс болды, 24-і әлі ауруханада жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі