"Жетер енді, кет!". Мәскеуде митинг өтті

Reuters
Владимир Путин Ресей билігінде 20 жылдан астам отыр. Ол төрт рет сайланып, екі рет үкіметті басқарды.

Мәскеуде белсенділер екінші күн қатарынан Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы бірадамдық митингке шықты. Бірер күн бұрын Мемлекеттік дума қазіргі басшы Владимир Путиннің президенттік мерзімдерін жою жөнінде Негізгі заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдаған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"МБХ медиа" мәліметінше, акцияға 100-ге жуық адам жиналған. Олар "Жетер енді", "Кет" деген плакаттар ұстап шыққан.

Акция Владимир князьдың ескерткіші маңында өтті. "Коммерсант" газетінің хабарлауынша, оннан астам полиция қызметкері бақылап тұрған. Олар акцияға келгендердің бәрінің жеке құжатын тексеріп, мәліметтерін жазып алған.

Сейсенбі күні Мемлекеттік думаның жалпы отырысы кезінде "Единая Россия" партиясының өкілі Валентина Терешкова Конституцияға Путиннің президенттік мерзімдерін жою туралы ұсыныс берді. Оның мәлімдемесінен кейін думаға президенттің өзі келді. Ол егер Конституциялық сот заңға қайшы деп таппаса, бұл бапты енгізуге қарсы емес екенін жеткізген.

Конституцияға енгізілген барлық өзгерістер 22 сәуірде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылады.

ЮКОС-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Негізгі заңға енгізіліп отырған өзгерістер елді артқа сүйрейді деп есептейді. Өзгермейтін жүйе, тәуелді соттар болады деді.

Владимир Путин Ресей билігінде 20 жылдан астам отыр. Ол төрт рет сайланып, екі рет үкіметті басқарды. Егер Констиуцияға енгізілген өзгерістер күшіне енетін болса, Путин 2036 жылға дейін билікте отыра алады.

Путинді тағы президент ететін түзетулер мақұлданды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті