Үндістан жабылды

pixabay.com
Дипломатиялық, ресми, БҰҰ, халықаралық ұйымдар, жұмысшылар визасынан басқа барлық визалар 2020 жылғы 13 наурыздан 15 сәуірге дейін тоқтатылды.

Үндістанда үкімет отырысы өтіп, онда коронавирустың таралуын болдырмау шаралары туралы бірқатар шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, шетелдіктерге виза беру тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үндістан үкіметінің сайтында хабарланғандай, дипломатиялық, ресми, БҰҰ, халықаралық ұйымдар, жұмысшылар визасынан басқа барлық визалар 2020 жылғы 13 наурыздан 15 сәуірге дейін тоқтатылды.

Бұрын берілген визалар да тоқтатылады. Үндістанға шұғыл дәлелді себептермен келуі қажет адамдар өз еліндегі Үндістан өкілдігіне хабарласуы керек.

Үндістанға 15 ақпаннан кейін Қытай, Италия, Иран, Корея, Франция, Испания және Германиядан келген барлық азаматтары кем дегенде 14 күн мерзімге карантинге жатқызылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті