АҚШ нарығы 1987 жылдан бергі ең сұмдық құлдырауға ұшырады

РИА Новости
Нұр-Сұлтанның уақытымен 02:00-де S&P 500-де – минус 9,51 пайыз.

12 наурызда сауда-саттық барысында АҚШ-тың негізгі индекстері шамамен 10 пайызға құлады. Нью-Йорк қор биржасының деректері осыны растайды, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:00-дегі жағдайға сәйкес, S&P 500-де – минус 9,51 пайыз, NASDAQ-та – минус 9,43 пайыз, ал Dow Jones-те – минус 9,99 пайыз.

Бұл 1987 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш болып отыр. 1987-ші жылы әйгілі "қара дүйсенбіде" Dow Jones индексі 22,61 пайызға төмендеп, өз тарихындағы ең төменгі межеге жетке, деп хабарлайды CNBC.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өз үндеуінде экономиканы қолдауға қатысты маңызды уәделер бермегендіктен инвесторлардың дүрбелеңге түскені туралы хабарланған болатын.

Осы аптада алғаш рет АҚШ биржаларындағы сауда-саттық 9 наурызда мұнай бағасының құлдырауы кезінде тоқтатылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр