Евро-2020 2021-ші жылы жылы өтуі мүмкін

AFP
Еуропаның оннан астам қаласында өтетін футбол чемпионатына биыл 24 елдің құрама командасы қатысуы тиіс болған.

Коронавирусқа байланысты футболдан Еуропа чемпионаты 2021 жылға шегеріліп, Чемпиондар лигасының биылғы маусымы аяғына дейін өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы Францияның L'Equipe спорттық басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады centralasian.org.

УЕФА) 17 наурызда қазіргі жағдайды, оның ішінде Еуропа чемпионатының тағдырын талқылайды. Қазір УЕФА чемпионаттың 2021 жылға ауыстырылуы мүмкіндігі туралы пікір білдірмей отыр.

Еуропада коронавирус кең таралып жатқанына байланысты Италия мен Испанияның ұлттық чемпионаттары уақытша тоқтатылды. Италияның "А" сериясының футболшылары коронавирус жұқтырғаны анықталса, "Реал Мадрид" командасының ойыншылары 14 күндік карантинге жабылды.

Еуропаның оннан астам қаласында өтетін футбол чемпионатына биыл 24 елдің құрама командасы қатысуы тиіс болған.

Дүйсенбі күні Солтүстік Американың Ұлттық хоккей лигасы (NXL) коронавирусқа байланысты 2019-2020 жылғы маусымын уақытша тоқтатылғанын жариялаған. Осыған дейін Ұлттық баскетбол ассоциациясы (NBA) мен MLS (Америкалық футбол лигасы) да осындай мәлімдеме таратқан. Бұдан бөлек бейсбол бойынша чемпионат (MLB) кейінгі қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды