Алматыда коронавирусқа тестті қай жерде тапсыруға болады?

imio.kz
Қала билігі барлық тұрғындардан қауіпті инфекцияның кез-келген белгісі анықталған жағдайда бұл жөнінде шұғыл хабарлауды сұрайды.

Егер сіздің дене қызуыңыз көтеріліп, жөтел мен дененің қалтырауы сынды симптомдар байқалса, мына мекен-жайларға барып тест тапсыра аласыздар, деп хабарлайды Almaty.tv.

1. Жібек жолы көшесі №3: "Ұлттық сараптама орталығы"


2. Жаһангер көшесі №14: Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы

3. Әуезов көшесі №84: "Санитарлық-эпидемилогиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы"

Егер сізде немесе сізде білетін танысыңыз құсып, ыстығы көтеріліп, тоңып, әлсіздік сезініп немесе коронавирустың басқа белгілері болса, 382-35-36 және 382-33-50 нөміріне немесе Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 сенім телефонына қоңырау шалып, кеңес ала аласыз.

103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыруға болады. Дәрігерлерге мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат беріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді