Өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелген жоқ

aipm.kz
COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

13 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олар - Германия мен Италиядан келген азаматтар. Үшеуі - Алматыда, біреуі Нұр-Сұлтандағы арнайы ауруханада жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды