Тоқаев: Біздің экономикамыздың тұрақтылығына мықты тірек бар

zakon.kz
Біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолданамыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ел экономикасының тұрақтылығы сақталатындығына сендірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент бүгіндері біздің коронавирустың әлемдік экономикаға теріс әсерінің куәсі болып отырғанымызды айтты.

Шындығында, бүкіл әлемдік экономикалық жүйені қайта форматтау жайында мәселе болып жатыр. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың салдарын сезінуде. Бірақ экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолданамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері шамамен 90 миллиард долларға жетті, - деді ол.

Президент бұл біздің экономикамыздың тұрақтылығын сақтау және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудағы мықты тірек екенін айтты.

Біз бюджет шығыстарын жұмыспен қамтуға және бизнеске барынша тиімділік беретін салаларға бағыттаймыз. 90 миллиардқа жуық халықаралық резерв біздің экономикамыздың тұрақтылығының мықты кепілі болып табылады, - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін