Ертең хоккей жоқ: "Барыс" ҚХЛ плей-офф ойындарынан бас тартты

hcbarys.kz
Алғашқы матч 17 наурызда Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс еді.

Нұр-Сұлтанның "Барысы" Гагарин кубогында жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша новосібірдің "Сибирімен" ойын болмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Елде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты "Барыс" ХК ҚХЛ плей-офф ойындарын Қазақстан Республикасы аумағында өткізе алмайды. Сол себепті Гагарин кубогының 2019/2020 маусымындағы жарысына қатысудан бас тартуға мәжбүр", - делінеді хабарламада.

Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты Гагарин кубогында жарысты жалғастырудан Финляндияның "Йокериті" бас тартқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды