Білім министрі: Жатақханада тұратын 90 мыңға жуық студенттің 20 мыңы қалып қойды

КТК
Үйіне қайта алмай қалған немесе әртүрлі себептермен қайтуға мүмкіндігі жоқ студенттердің жатақханада қалуына барлық мүмкіндік жасалған - министр.

Білім саласында өтетін халықаралық мәдени, спорттық шаралар екінші жарты жылдыққа шегерілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Үйіне қайта алмай қалған немесе әртүрлі себептермен қайтуға мүмкіндігі жоқ студенттердің жатақханада қалуына барлық мүмкіндік жасалған. Елімізде 90 мыңға жуық студент жатақханада тұрса, 20 мыңнан астамы әлі де жатақханада тұрып жатыр. Жатақханада қалған студенттерге шектеу қойып, режим сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде", - дейді Асхат Аймағамбетов

Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте. Оның айтуынша, біліктілікті арттыру курстарының жартысын онлайн форматқа ауыстырылса, қалғаны кейінге шегерілген.

"Білім саласында өтетін халықаралық мәдени, спорттық шаралар екінші жарты жылдыққа шегерілді",- дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды