Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді - министр

24.kz
Қашықтықтан жұмыс істеу Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелмек, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.

Бұдан бөлек, министр егер азаматтардың жұмыс көлемі қысқартылатын болса, жұмыс берушілердің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне өтуге құқылы екенін айтты.

Ондай жағдайда, аптадағы жұмыс күндері немесе жұмыс күніндегі сағаты қысқартылуы мүмкін. Ал қызметкерлер жалақысын атқарылған жұмыс көлемі бойынша алады. Бұл мәселелер еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады