"ҚТЖ" АҚ билеттердің ақшасын толық көлемде қайтарады

Pixabay
Бүгін кассаларда билеттерді қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды.

Уақытша төтенше жағдайдың жариялануымен "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-да жолаушылар билеттері үшін ақшаны толық көлемде (соңғы тәулікте ұстап қалусыз) қайтару шешімі қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгін кассаларда билеттерді қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды. Бұл жағдайда, біз сол немесе өзге де кассаларда қажетті көлемде қолма қол ақша тапшылығының жекелеген жағдайлары болмаса, қайтарымды сол жерде іске асыратын кассаларды қосымша қолма қол ақшамен қамтамасыз еттік.

Осындай сирек жағдайларда билет құны толық төленеді, және де жолаушы тиесілі ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, соның ішінде келесі күні де ала алады.

Біз қазіргі қалыптасқан жағдайда жолаушыларымыздан билеттерді қайтаруды рәсімдеу процесіне шыдамдылық таңытуды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Біз ақша қаражатын толық көлемде қайтаруға кепілдік береміз, - делінеді хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған