Қазақстанның шекарасында санитариялық-карантиндік пункттер құрылады

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құру шараларын қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек, жекелеген өткізу пункттерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдері (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан және Түркіменстан елдері шекарасында орналасқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді