Алматыдағы барлық тұрғын үй кешендері зарарсыздандырылып отыруы тиіс

видеодан алынды
Егер үйлерді меншік иелері тазаламаған болса, тұрғындар Тұрғын үй саясаты басқармасына қоңырау шалуы тиіс.

Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев қаладағы үйлерді зарарсыздандыру туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, қалада 8 494 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Санитарлық өңдеу барлық үйлерде жүргізілуі керек. Кіре беріс, холл, баспалдақтар, үйдің жедел сатылары өңделеді.

Сонымен қатар, ол үйлер мен оның айналасындағы аумақтар кондоминиум объектісінің ортақ меншігіне жататынын және санитарлық тазалық шығындарын оны иелері көтеретінін атап өтті.

Сондықтан әкімдік тұрғындардан жауапкершілікті сезінуді және кондоминиум нысандарын тазалықта ұстауға ай сайынғы жарналарды аударуды сұрайды, өйткені санитарлық тазарту үшін қаражат осы қордан алынады.

Әкімдік қазіргі уақытта коронавирустың таралмауы үшін үйлерді дезинфекциялауда КСК-ны қолдау шаралары бойынша жұмыс жүргізуде.

Егер үйлерді меншік иелері тазаламаған болса, тұрғындар Тұрғын үй саясаты басқармасына қоңырау шалуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды