Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сотталды

zakon.kz
Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Қадырова, Илимова және Талысбаев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (әрі қарай – МКД) жеке шоттарды есепке алу және жүргізуді бақылау бөлімінің басшысы А.Қадыроваға, Алматы қаласы бойынша МКД жетекші маманы А.Илимоваға, "LazzaraGroup" ЖШС директоры М.Тұрдиева мен Т.Талысбаевқа лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Қадырова Илимова мен Талысбаевтың арандатушылығымен сыртқы экономикалық қызметтің бірқатар қатысушыларының жеке шоттарында кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын заңсыз азайту арқылы жалпы сомасы 541 178 263 теңгені құрайтын кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтаруға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті деп танылған.

Ағымдағы жылы 10 наурызда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Қадырова, Илимова және Талысбаев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Осы үкіммен аталған тұлғаларға лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалануды ұйымдастырғаны және ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Тұрдиева 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазым атқару құқығынан айырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

????Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің бірқатар бұрынғы қызметкерлері мемлекетке ірі шығын әкелген құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осыған дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (әрі қарай – МКД) жеке шоттарды есепке алу және жүргізуді бақылау бөлімінің басшысы А.Қадыроваға, Алматы қаласы бойынша МКД жетекші маманы А.Илимоваға, «LazzaraGroup» ЖШС директоры М.Тұрдиева мен Т.Талысбаевқа лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Қадырова Илимова мен Талысбаевтың арандатушылығымен сыртқы экономикалық қызметтің бірқатар қатысушыларының жеке шоттарында кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын заңсыз азайту арқылы жалпы сомасы 541 178 263 теңгені құрайтын кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтаруға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті деп танылған. Ағымдағы жылы 10 наурызда Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Қадырова, Илимова және Талысбаев 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Осы үкіммен аталған тұлғаларға лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалануды ұйымдастырғаны және ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Тұрдиева 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазым атқару құқығынан айырылды.

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды