Тоқаевтың орнына бүгін Назарбаева отырып алды деген қауесет – жалған

Бұған дейін журналист Гүлнар Бәжкенова өзіне "президент отставкаға кететіні" туралы хабар жеткенін жазған болатын.

Тоқаевтың кеңесшісі президенттің отставкасы туралы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Ерлан Қарин бұл сыбыстың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Қазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде мемлекет басшысының отставкасына қатысты қауесет туралы пікірін айтты.

"Қазір мемлекет ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Президент әкімшілігі, үкімет пен әкімдіктер - үлкен штаб. Адамдар жұмысында қонады деп айтуға болады. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Өздеріңізді де, бізді де түрлі сыбыстарға байланысты жұмыстан бөлмеңіз", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін журналист Гүлнар Бәжкенова өзіне "президент отставкаға кететіні" туралы хабар жеткенін жазған болатын.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан президенті қызметіне кірісті. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: