Блок посттарға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері тартылды

ҚР ҚМ
2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аумақтар периметріндегі блок посттарда кіру мен шығуды шектеу үшін сақтау бойынша бірлескен қызмет ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында полиция өкілдерімен бірге блок посттарда ҚР Қарулы Күштерінің әскерилері қызмет етуде, деп хабарлайды zakon.kz.

ІІМ басшылығымен 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аумақтар периметріндегі блок посттарда кіру мен шығуды шектеу үшін сақтау бойынша бірлескен қызмет ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов Нұр-Сұлтан қаласының шекараларындағы блок посттарда Қарулы Күштердің әскери қызметінің ұйымдастырылуын тексерді.

Тексеру барысында басты назар әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына, қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілуі мен қызмет барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі туралы біліміне аударылды.

Бұрын хабарланғандай, блок посттарды күшейту үшін Қарулы Күштерден нысандарды дезинфекциялайтын бөлімшелерден басқа, Әуе-десанттық әскер, бітімгершілік полкі және әскери полицияның дайындығы пен тәжірибесі бар келісім-шарт негізіндегі әскери қызметшілер шақырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты