Қазақстандық компания Сербияның коронавируспен күрес қорына миллиондаған ақша бөлді

kievanrus-liver.livejournal.com
Бөлінген қаражат медициналық маскалар мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетуге жұмсалады.

Қазақстандық компания коронавируспен күресте көмектесу үшін Сербияға үш миллион серб динары көлемінде жарна бөлді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Сербиядағы ҚР елшілігінің қызметкері Әлібек Қиманов жазды.

2017 жылдан бері Integra Construction KZ қазақстандық компаниясына қарасты Сербияның Нови-Сад қаласында теміржолға күрделі жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын ZGOP компаниясы Сербия Президентінің үндеуіне үн қатып COVID-19 вирусымен күрес қорына 3 миллион серб динарын (шамамен 12 млн теңге) бөлуге шешім қабылдады. Александр Вучич елдегі компанияларды коронавирус індетімен күресте мемлекетпен ынтымақтасуға шақырды, ал қазақстандық инвестор ел президентінің бұл үндеуіне жауап қатты, деп жазады Қиманов.

Елшіліктің хабарлауынша, COVID-19 вирусының таралу ерекшелігін ескере отырып, бөлінген қаражат медициналық маскалар мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетуге жұмсалады.

Қазақстанның Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, біз үшін дәл осындай қиын сәттерде ынтымақтастық таныту маңызды.

"Қажет болған кезде бауырлас Сербия халқына қолынан келгеннің бәрін жасау міндет және үлкен мәртебе", - деп атап өтті Қазақстан елшісі.

Осылайша Сербияда қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық бизнес өзара көмек пен қолдаудың лайықты үлгісі бола алатынын көрсетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек