Атырау облысындағы коронавирус үш науқасқа қатысты тың мәлімет жарияланды

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына сақ болу ескертілді.

27 наурызда Атырау облысында коронавирус инфекциясымен үш науқас тіркелді. Мұнайлы өлкеге коронавирус індетінің қандай жолмен келгенін, науқастардың бүгінгі күйі қандай екенін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов онлайн-брифингте айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, алғашқы науқас 21 наурызда Қазақстан астанасынан Атырауға келген, одан 26 наурызда ЖРВИ белгілері болғандықтан, коронавирусқа тест алынған, ол оң нәтиже берді.

Екінші науқас 17 наурызда Ыстамбұлдан Алматыға, содан кейін Атырауға ұшып келген. Ол Ыстамбұлдан Алматыға келгенде коронавирус жұқтырған астаналық тұрғынмен байланыста болғандықтан, карантинге алынды. Тексере келе, одан коронавирус табылды.

Үшінші науқас 26 наурызда Амстердамнан ұшып келді. Ол ұшақтағы жолаушылармен бірге бірден карантинге жатқызылып, тексеруден өтті және оның да анализі COVID-19 бойынша оң нәтиже берді.

Қазіргі уақытта үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, хаттамаға сәйкес олар ауруханаға жатқызылып, емдеу жүргізіліп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, бәрі бақылауд, - деді Байтолла Ғазизов.

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына сақ болу ескертілді, өйткені әрқайсымыздың, туыстарымыздың және достарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы бізге байланысты.

Сіздерден гигиена ережелеріне баса назар аударуыңызды сұраймын, адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыздар, арлы-берлі жүрісті шектеңіздер, - деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: