30 наурыздан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады

24.kz
Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді.

30 наурыздан бастап тағы бір қала карантинге жабылады. Бұл – Атырау қаласы, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы № 8 шешіміне сәйкес, Атырау қаласы аумағында 2020 жылдың 30 наурызында 00:00-ден бастап карантин жарияланады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік дүйсенбіден бастап Атырау қаласына кіруге және одан шығуға шектеу қойылатынын, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытының шектеулі болатындығын атап өтті.

Қызмет көрсету секторының қызметі (сұлулық салондары, моншалар және т.б.) толықтай тоқтатылады.

Құрылыс базарлары, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері де жабылады.

Балабақшалардың жұмысы тоқтайды. Азық-түлік базарлары мен дүкендері, дәріханалар бұрынғы қалыпта жұмыс істейді. Коммуналдық қызметтер, күрделі жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтеріне шектеу болмайды.

Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер он-лайн режимінге көшеді, әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі.

29 наурыздағы жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясының алты жағдайы белгілі болды. Қазіргі уақытта барлық науқастар емделіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты