Ақмола облысы бүгін сағат 19:00-ден бастап карантин режиміне көшеді

РКНьюс
Транзитті жүк көліктері мен тамақ өнімдері бар көлік құралдарын қоспағанда, барлық көлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысы аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.

31 наурызда сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Coronavirus2020.kz хабарлауынша, мұндай шешім жедел штаб отырысында қабылданды.

Өңірдегі шектеу түрлері:

Транзитті жүк көліктері мен тамақ өнімдері бар көлік құралдарын қоспағанда, барлық көлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысы аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Ірі сауда орталықтары (азық-түлік дүкендері мен олар орналасқан дәріханалардан басқа), саябақтар, монша кешендері, санаторий-курорттық мекемелер, сұлулық салоны, шаштараз, азық-түлік, автомобиль, киім, құрылыс базарлары өз қызметін тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтата тұрады, бірақ азаматтарға тапсырыс бойынша тәулік бойы үйге тамақ жеткізу қызметін сақтайды.

Дәріханалар мен дәріхана дүңгіршектері қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.

Облыс тұрғындарына үйден қатты қажеттіліксіз шықпауға кеңес беріледі. Ал сыртқа шыққан жағдайда бетперде, бір реттік қолғап киіп, қолдарын антисептикпен тазалау міндеттеледі. 65 жастан асқан азаматтар өз-өзін оқшаулау тәртібін қатаң қадағалауы керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз