Қазақстанда науқастардан екі мейірбике коронавирус жұқтырып алған

pixabay.com
Олармен байланыста болған 40 адам карантинге жатқызылды.

Қазақстанда екі мейірбике науқастардан коронавирус жұқтырып алған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, COVID-19 тіркелген барлық дерлік елдерде, қамтылған қауіпсіздік шараларына қарамастан, дәрігерлер де қауіп-қатер тобына жатады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразияның Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, медицина қызметкерлердің иммунитеті әлсіз болса, жұқтыру қаупі де жоғары.

Мейірбикенің коронавирус жұқтырған алғашқы оқиғасы Атырау облысында тіркелді. Ол 17 наурыз күні Ыстамбұлдан Алматы арқылы өңірге келген қыздан қан алған. Коронавирус жұқтырған мейірбикемен 27 адам байланыста болғаны белгілі болды. Олардың барлығы карантинге жатқызылды.

Тура осыған ұқсас факт Қызылорда облысында да тіркелді. Медициналық мекеменің 23 жастағы қызметкері коронавирус болып қалды.

Ол - емханада жұмыс істейтін қала тұрғыны. Ол коронавирус диагнозы қойылған науқасқа қараған. Әйел адам "тамағым ауырды" деп шағымданған, дене қызуы болмаған, тыныс алуына қатысты проблема да, жөтел де жоқ, - дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Оның 16 адаммен байланыста болғаны белгілі. Барлығы карантинге алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз