Ескелді ауданындағы санитарлық бекетте мас  жүргізуші ұсталды

otyrar.kz
Темір тұлпар иесінің құжаттарын тексеру барысында спирттің иісі мүңкіп, күдік тудырған.

1 сәуір күні түнгі 01-00 шамасында Ескелді ауданының тәртіп сақшылары ТЖ тәртібінде қойылған санитарлық бекеттен аудан орталығына қарай өтуге тырысқан "Volkswagen Passat" көлігін тоқтатқан. Әрекеті күмән тудырған көлік жүргізушісін медициналық тексеру барысында оның ішімдік ішкені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл сорақы жағдай осы бекет жұмысын бастағанда-ақ тіркелді. Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері санитарлық қызметті жүргізудің алғашқы сағатында жол жүру ережесін өрескел бұзушы ұсталды. Темір тұлпар иесінің құжаттарын тексеру барысында спирттің иісі мүңкіп, күдік тудырған. Бекеттегі медицина қызметкерлері оқиға орнында оның масаң күйде екенін дәлелдеді", - деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Ернар Ширбаев.

Көлік иесі медициналық куәландырудан өтіп, нәтижесінде оның орта дәрежеде мас екені анықталды. Ер адам бірден медициналық айықтырғышқа жеткізілді. Қолданыстағы ӘҚбК 608-бабына сәйкес 1986 жылы туған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Заңға қайшы әрекеті үшін оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізу құқығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі