Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов экспресс-тестілеуден кейін қосымша COVID-19 бойынша анализ тапсыру қажеттілігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Экспресс-тесттен дүйсенбіден бастап өтуге болады. Бұл - тез анықтайтын тест. Саусақтан қан алынады және кез-келген медбике тексеруден өткізе алады. Медициналық ұйымдар, оның ішінде жекеменшік ұйымдар үшін ешқандай шектеулер жоқ. Мұны кез-келген зертханада жасауға болады", - деді Біртанов.
Алайда, оның айтуынша, экспресс-тест нәтижесі нақты диагнозды көрсете алмайды, сол себепті ол әлемнің кез-келген елінде медициналық диагностика жүргізу үшін ұсынылмайды.
Министрдің айтуынша, тестілеудің бұл түрі қауіпті топтар арасында скрининг жүргізу үшін қолданылады, сондықтан экспресс-тест оң нәтиже берсе, ол адам коронавирус инфекциясының кезекті тестінен өтуі керек. Яғни, егер оң нәтиже болса, онда сіз одан әрі тағы тыңғылықты тесттен өтуіңіз керек. Олар (экспресс-тесттер) арзан және нәтижесі тез шығады, сондықтан біз оларды қолданамыз. Сәуір айында біз 30 мың тест бойынша адамдарды алдын-ала тексеруден өткізгіміз келеді, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Жалпы алғанда, ол COVID-19 үшін медициналық тест, мысалы, қандағы қант мөлшерін анықтайтын секілді тез жүргізілмейтінін түсіндірді.
"Бұл арнайы вирусологиялық зертханаларда жүргізілетін қауіпті вирусқа арналған тест. Олардың 20-ға жуығы бар, қазір біз осы аптада тағы 10 зертхананы құрып жатырмыз. Оның ішінде үш жылжымалы зертхана бар. Мұндай зертханалардың саны артып келеді. Қазір біз күніне 6 мың адамды тесттен өткізе аламыз. Бірақ келесі аптада біз республика бойынша күніне 12 мың тест өткізуді жоспарлап отырмыз. Диагностика бойынша мүмкіндіктер бар, - деп сөзін түйіндеді Біртанов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда өзінің коронавирус екенін білмейтіндер болуы мүмкін - Біртанов