Біртанов экспресс-тесттен өту шарттарын түсіндірді

pxhere.com
Біздің қатаң талабымыз бар. Барлық қызметкерлер мен тесттен өтуші адамдар алдын-ала онлайн режиміне тіркеліп, нәтижелерін осы жүйеге енгізіп, тестілеудің оң нәтижелері туралы медициналық ұйымды хабардар етуі керек.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату лицензияланған қызмет түрі болып табылады, сондықтан Интернеттегі жарнамаларда коронавирус инфекциясына арналған тесттерді сату заңсыз, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов zakon.kz сайтына берген сұқбатында.

"Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату лицензияланған қызмет түрі болып табылады. Бұл - заңсыз. Бұл тестті жүргізу медициналық жағдайды қажет етеді. Тазалықты, стирильділікті талап етеді. Сондықтан бұл заңсыз", - деді Біртанов.

Ол тек лицензияланған медициналық ұйымдар, меншік түріне қарамастан коронавирусты тексеруге болатындығын айтты.

Алайда, министрдің айтуынша, бұл мәселедегі ең бастысы - егер тест оң нәтиже берсе, адам медициналық мекемеге бұл туралы хабарлауы керек.

"Біздің қатаң талабымыз бар. Барлық қызметкерлер мен тесттен өтуші адамдар алдын-ала онлайн режиміне тіркеліп, нәтижелерін осы жүйеге енгізіп, тестілеудің оң нәтижелері туралы медициналық ұйымды хабардар етуі керек. Адам тікелей үйіне барып, өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Немесе медициналық ұйымға хабарлассын", - деп сөзін түйіндеді Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз