Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері Нұрымбет Нышанов аймақтағы коронавирустан қайтыс болған алғашқы науқас туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ер адам Алматы облысының Қарасай ауданында бір ай қонақта болған, онысын жасырып, айтпаған. Ол 15 наурызда автобусқа отырып, туған жеріне оралған, ал 26 наурызда ол өзін нашар сезініп, ауруханаға түсті. Ол Жетісай аудандық ауруханасының терапиялық бөлімінде ем алды", - деді Нышанов.
Сонымен бірге, облыстың бас дәрігері емдеу нәтиже бермегенін және науқастың жағдайы нашарлай түскенін айтты.
Осыдан кейін, 29 наурызда науқаста пневмония өршіп, ентігіп, тыныс алуы ауырлап, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Ол сонымен бірге қант диабетімен ауырған. Зертханалық зерттеулерден кейін COVID-19 расталды. Онымен тығыз байланыста болған 25, одан бөлек тағы 40 адам анықталды, - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, биыл 4 сәуірде Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан кісі өлімі дерегі тіркелді. Ер адамның 1956 жылғы, Жетісай ауданының тұрғыны екені белгілі. Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 500 жағдайы расталды. Қазақстанда COVID-19-дан 4 адам қайтыс болды.