Көктем тосын сыйын ұсынды. Сәуірдің басында Қостанай облысына қыз мезгілі қайта оралды. Жолдар мен көліктерді қалың қар басып қалды. Ауа-райының осындай қолайсыздығына байланысты Қазақстанда жолдардың бірқатар бағыты жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде 517 техника қар тазалауға жұмысқа кірісті.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты келесі жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі:
1. Екатеринбург-Алматы - 444-540 шақырымында (Федоровка-Қостанай)
2. Екатеринбург-Алматы - 555-686 шақырымында (Тобыл-Сарыкөл)
3. Қостанай-Әулиекөл-Сурган - 3-106 шақырымында (Қостанай-Әулиекөл)
4.Мамлютка-Қостанай - 250-404 шақырымында (Ұзынкөл-Тобыл)
5. Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Кен-Қостанай - 547-231 шақырымында (Костанай қ. Ақтөбе облысы)
6. Денисовка-Жітіқара-Мюктикол -. РФ шекарасынан 0-50 км, 82-174 шақырымында (Денисовка қ. РФ)
"Қазгидромет" РМК-ның алдын-ала хабарлауынша, атлантикалық циклонның және оған байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен республикамызда жауын-шашын болады, жаңбыр, қар жауады.