Малахов бағдарламасында Алматыдағы мобильді әскердің дала госпиталін көрсетіп, мақтады

видеодан алынды
Толыққанды аурухананы бұлай құру үшін, оның ішінде Тараздан көшіріп әкелгенін қосқанда 2,5 күн қажет болған.

"Тікелей эфир" ресейлік телебағдарламасының жүргізуші Андрей Малахов Алматыдағы мобильді әскердің дала госпиталін көрсетіп, өз таңданысын жасыра алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Россия-1" телеарнасындағы бағдарламада АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу мәселесі талқыланды.

АҚШ-та коронавирус құрбандарының жалпы саны 12,7 мың адамнан асты. Ең көп өлім тіркелген - Нью-Йорк қаласы (4009), ол Америка Құрама Штаттарындағы індеттің орталығы болып табылады.

Мамандардың айтуынша, олар қалалық саябақтарда жерленеді.

Міне, мына кадрларда - Алматы. Бәрі анық. Ішінде сұлулық та керемет. АҚШ-та да бәрі жақсы ма: стоматологтар, хирургтар - бәрі араласып жүр, бұл сұмдық қой, - деді Малахов. Телебағдарлама барысында сөз болған қазіргі заманғы жылжымалы далалық аурухана Алматыдан 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Толыққанды аурухананы бұлай құру үшін, оның ішінде Тараздан көшіріп әкелгенін қосқанда 2,5 күн қажет болған.

100 төсектік ауруханада қабылдау-диагностикалық бөлімі, операциялық бөлімдер, анестезиология және реанимация бөлімі, эвакуация бөлімі бөлек-бөлек орналасқан, онда интернатура және дәріхана да бар. Ол рентгендік зерттеуге арналған жоғары сапалы жабдықтармен, зертханалық және жасанды тыныс алу құрылғыларымен жабдықталған. Аурухана жылыту және ауаны тазарту құрылғылармен жабдықталған, ванна бөлмелері мен душтары да бар. Жақын жерде 300 орындық екі ғимарат жөнделіп, карантинге дайындалып жатыр, 500 орынға арналған палаткадағы лагерь де құрылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты