Алматы облысындағы карантин тәртібін бұзушылықтар рейтингі

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
16 наурыздан 8 сәуірге дейінгі кезеңде Алматы облысының аумағында төтенше жағдай тәртібін бұзудың 89 дерегіне жол берген 36 тұлға қамаққа алынып, 42 азамат айыппұл арқалаған.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері Алматы облысы аумағында 89 құқық бұзушылық дерегі орын алған. Оның ішінде ең көп тіркелгені – 42 рет карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекет еткен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылған.

Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзуді бұзғаны үшін 27 хаттама жазылған. Ал, жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзу дерегі бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетудің 6 дерегін анықтаған. Тыйым салынса да, алкогольдік iшiмдiктерді және құрамында спирт бар заттарды саудалаудың 4 дерегі әшкере болды.

Жалпы алғанда, 16 наурыздан 8 сәуірге дейінгі кезеңде Алматы облысының аумағында төтенше жағдай тәртібін бұзудың 89 дерегіне жол берген 36 тұлға қамаққа алынып, 42 азамат айыппұл арқалаған. Сондай-ақ, 5 тұрғын ескерту алумен шектелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды