Абаев Назарбаевтың сырқаты туралы қауесетке қатысты түсінік берді

Ол сұқбат барысында Елбасы айтқан дана сөзді мысалға келтірді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев соңғы кездері Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың неге көрінбей кеткеніне байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Менің ойымша, барлығымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел өміріндегі қазіргі жаңа рөлін дұрыс қабылдай білуіміз керек. Ол Қауіпсіздік Кеңесі немесе Nur Otan партиясындағы жұмысынан бөлек еліміздің саясатына да белсенді араласып, жұмысын жалғастырып келеді. Бірақ 2019 жылдың 19 наурызында ол Президент қызметінен кетті. Халық жаңа Мемлекет басшысын сайлады. Иә, қазір біз күрделі сынақтарға кезігудеміз және өз өкілеттігіне сәйкес Президент Тоқаев оған қарсы тұру стратегиясын анықтап, жұмыс істеп жатыр. Енді ше, әлде мұндай жағдайда күн сайын Елбасы халық алдына шығып, қандай да бір мәлімдемелер жасауы тиіс деп ойлайсыздар ма? Ол өзінің мәртебесіне қарамастан, мұндайға жол бермейтін парасатты саясаткер, - деді министр Дәурен Абаев "Открытый диалог " бағдарламасындағы сұқбатында.

Сонымен қатар ол Елбасының ауыр сырқаты туралы қауесеттерге түсінік берді.

Оның денсаулығы туралы қауесетке келсек. Білесіз бе, бұл ретте мына бір оқиғаны айтып бергім келеді. Осыдан 10 жыл бұрын мен Президенттің баспасөз хатшысы болған кезімде Интернет-сайттардың бірінде "Елбасы ауыр дертке ұшырапты" деген мағынада ақпар жарияланған болатын. Білесіз бе, бұл дерек менің жағамды ұстатты. Өйткені алдында күндіз ғана ол кісінің төрағалығымен өткен жиналысқа қатысқан едім. Ақыры шыдай алмадым, кешке қарай бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлын хабардар еттім. Сонда ол маған келесідей жауап берді: "Менің қасымда қызметіңді енді бастап жатырсың. Бір дүние есіңде болсын: балақтың шаңын қаға берсең баратын жерге уақытында жете алмайсың. Ондай әңгімені тілеулес жұрт уайымдап айтса, мысықтілеу адамдар әдейі айтады. Оның бәрін тыңдай берсең, жұмысты кім істейді? Сондықтан осындай әр сөзге көңіл бөле бермейік".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: