Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары карантинде қала беретін болды

khakasia.info
Карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол.

Бүгін, 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай режимінің ұзартылатынын жариялады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында да карантин режимі ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

15 сәуірде елімізде төтенше жағдай енгізу туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысының мерзімі аяқталады.

"Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр", - деді Президент бүгін Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты