Алматыда жеделсаты түймесіне түкірген ер адам 15 тәулікке қамалды

polisia.kz
Бұған дейін құқық бұзушы істеген ерсі әрекеті үшін қатты өкінетіндігін айтып, халықтан кешірім сұраған.

Жедел саты түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері “Алатау сити” тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде жедел саты түймелеріне түкірген адамды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты.

“Оның заңсыз әрекеттерін бейнебақылау камералары жазып алған. Әкімшілік материалдар дереу Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жиналды: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6 бөлігі – төтенше жағдай режимін бұзу. Ал бүгін, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылы туылған А. мырза осы құқық бұзушылықтар үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын ПД-нің қабылдап-тарату орнына орналастырылды”, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұған дейін құқық бұзушы істеген ерсі әрекеті үшін қатты өкінетіндігін айтып, халықтан кешірім сұраған.

“Ашулы күйімде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А.мырза.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі