15 сәуірде Алматы облысы аумағында ерекше карантин енгізіледі

Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының тұрғындары облыс аумағына биылғы 15 сәуір күнгі сағат 00:00-ге дейін кіре алады.

15 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар карантин енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин режимі енгізіледі.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес келесі шектеулер енгізіледі:

шет мемлекеттерден келген Алматы облысының тұрғындарын;

жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын адамдар мен көліктерді қоспағанда,

облыс аумағына басқа өңірлерден адамдар мен көліктің кіруіне тыйым салу.

Бұған дейін басқа өңірлерге кеткен Алматы облысының тұрғындары облыс аумағына биылғы 15 сәуір күнгі сағат 00:00-ге дейін кіре алады.

адамдарды тасымалдаумен айналысатын азаматтық әуежайлардың, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қызметін уақытша тоқтату, ресми такси қызметтерін қоспағанда, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салу, ал әскери әуежайларға жолаушылар борттарын қабылдауға тыйым салынады;

азық-түліктік емес мақсаттағы сауда нысандарының, бизнес орталықтарының, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын орындарының, азық-түлік базарларының (ет павильондарынан басқа) және азық-түліктік емес базарлардың жұмысын тоқтата тұру, жәрмеңкелер, көше саудасын болдырмау;

меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін тоқтата тұру;

халықтың көптеп жиналатын орындарына (саябақтар, жағалау, скверлер, спорт алаңдары, үй жанындағы балалар алаңдары) баруға тыйым салу;

діни мақсаттағы объектілердің (мешіттер, шіркеулер, бірлестіктер және т. б.) қызметін тоқтата тұру).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты