Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев қалада жүріп-тұру рұқсатын беретін портал жайында айтып өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, ертең іске қосылатын портал барынша оңай жұмыс істейтін болады.
Яғни, кәсіпорын немесе жеке кәсіпкер қала бойынша жүріп-тұруға рұқсаты бар немесе жоқ екенін анықтау үшін: ол өзінің ЖСН (ЖК үшін) және БСН (кәсіпорын үшін) нөмірін енгізеді. Бұдан әрі бағдарлама алгоритм негізінде қалада жалдамалы қызметкерлерге жүріп-тұруға болатынын өзі анықтайды.
Егер әкімдіктен тізімдерге сәйкес қалада жүріп-тұру мүмкін болса, сәйкесінше, ұяшықтарды толтыру үшін келесі терезе ашылады. Бұдан әрі қызметкерлердің ЖСН енгізіледі.
Автокөлік құралдары – мемлекеттік нөмірлерді енгізу арқылы анықтай алады.
Одан кейін құжаттарға қол қою ережелерімен келісуге арналған үш белгі болады. Содан кейін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) екінші бөлігін қосып, "келісемін" дегенді басу қажет. Осыдан кейін барлық құрылған база штабқа әрі қарай қарауға жіберіледі, – деп атап өтті спикер.