Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

ҚР СІМ
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай елшісіне Қытайдың веб-сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға қайта оралғысы келеді" деген мақалаға байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін -14 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті, оның барысында қазақстандық тарап қытайдың www.sohu.com веб-сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға қайта оралғысы келеді" деген мақалаға байланысты қарсылық білдірді, - делінген министрлік хабарламасында

Қытай елшісіне мұндай мақаланың жариялануы елдер арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік шартына сәйкес келмейтіндігі туралы хабарланды.

Тараптар ақпарат тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті.

Сондай-ақ, Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының елшілігі Қытай Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты