Алматыда коронавирустың көптеп тіркелуі экспресс-тестілеуге еш қатысы жоқ

Depositphotos
Осы тәулікте сыналған экспресс-тесттерден коронавирус анықталған жоқ.

Алматыда бір тәулік болар-болмас уақытта коронавирус инфекциясының 174 жағдайы анықталды. Олардың көпшілігі - дәрігерлер. Ауруды жұқтырудың көп көлемінің бір демде бұлайша бұрқ етуін еліміздегі қос қалада экспресс-тестіні сынаудың басталуымен байланыстырып жатқандар бар. Алайда Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұған тест сынағының қатысы жоқтығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Күндіз дерті анықталғандар экспресс-тестілеуден өткендер ме" деген сауалға департаменттегілер "жоқ" деп кесіп жауап берді.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда бүгін короноварис анықталған 174 науқастың көпшілігі - медицина қызметкерлері, 58 адам - ​​солармен жақын байланыста болғандар. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев медициналық қызметкерлерге инфекция науқастардан жұғуы мүмкін екенін айтқан, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетумен айналысқан. Ал науқастардың арасында коронавирусы белгісі жоқтар болуы әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды