Еңбекшіқазақ ауданында атты патрульдер ұйымдастырылды

pikabu.ru
Ауданның барлық кіру және шығу жолдары бұғатталып, адамдардың ауыл арасындағы қозғалысы шектелді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында коронавирустық инфекцияның таралу деректерінің анықталуына байланысты аймақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 13 сәуіріндегі №6 қаулысында полицияның нақты міндеттері айқындалған. Оларды іске асыру мақсатында індеттің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі барлық қажетті шұғыл шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ауданның барлық кіру және шығу жолдары бұғатталып, адамдардың ауыл арасындағы қозғалысы шектелді. Қазіргі кезеңде 25 блокадалық бекет бар. Одан өзге, кіру және шығу жолдарына жеке құрамның 50-ге жуық қызметкері жұмылдырылған 3 негізгі тосқауыл-бекет орнатылған. Барлық жерлерді мұқият бақылау және құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында атты нарядтар ұйымдастырылды . Олар аумақты, үйлерді және өзге де объектілерді жаяу аралаумен және халықпен профилактикалық жұмыстарды белсенді түрде жүргізумен айналысады", - деп хабарлайды аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Талғат Сейлханов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы