Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Ол Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарының ауруханаларында болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Іле ауданының орталық ауруханасында болған Надыров коронавирустың алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен танысты деп хабарлады.
Жаңа вирус белгілері бар науқастарды қабылдау бліміндегі фильтрді, босану бөліміндегі жүкті әйелдерге арналған фильтрді қарап, өз ұсыныстарын айтты.
Аурухананың бас дәрігері Майра Егембердиева мекемеде уақытша (120 төсек) және карантиндік (100 орындық) стационарлар әзірленіп қойылғанын айтты.
Клиникада келген науқастарға белгілі бір шектеулер бар, ересектер мен балаларға арналған фильтрлер бар, онда дене қызуы бар науқастар қабылданады. Кіре беріске тұрақты бекет қойылған, ол арада ауруханаға кіргендердің барлығының дене қызуы өлшеніп алынады. Егжей-тегжейлі талдау фильтр бөлмесінде жүргізіледі: науқастарды тексеру, оның соңғы тұрған жері, әлеуметтік шеңбері, аурудың белгілері. Көліктерді дезинфекциялау үшін арнайы алаң бар, перзентханада температурамен түсетін жүкті әйелдерге арналған фильтр бар, - деді ол.
Егембердиеваға төтенше жағдай кезіндегі медициналық қызметкерлердің іс-әрекеті алгоритмінің дұрыстығына, дәрігерлерді, медбикелерді қажетсіз байланыстардан алыс ұстау, ғимараттар ішіндегі қатаң тәртіптегі қозғалыс туралы қорғаныс ережелері ескертілді.
Әкімдіктің баспасөз қызметі ұсыныстардың орындалатындығын айтты.
Қарасай ауданында Камалжан Надыров орталық аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Ол жедел жәрдем бөлімінде болып, оқшаулау бөлмесі мен фильтрді аралап көрді, дәрігерлермен және медицина қызметкерлерімен сөйлесті. Содан кейін ол аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде болды, онда коронавирус жұқтырған 11 адам түскен, олардың бесеуі емделіп шыққан. Қазір онда алты адам ем алып жатыр.
Еңбекшіқазақ ауданында вице-министр жергілікті аурухананың келісілген жұмысын атап өтті.
Облыс әкімдігі бұл мекемеде халықпен байланыс шектелгенін айтты. Дәрігерлердің қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілген, олар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, дәрігерлер заманауи шипажайға орналастырылды, онда ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін демалуға, ұйықтауға және күш алуға мүмкіндік бар.
Жұмыс сапары соңында Камалжан Надыров медициналық қызметкерлер үшін еңбек жағдайларының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту қажет екенін атап өтті. Ол Алматы облысындағы жұқпалы аурулар ауруханаларының дәрігерлері үшін жақсы жағдай жасалғанын және бұл республиканың басқа өңірлері үшін үлгі бола алатындығын атап өтті.
Медициналық мекемелерде денсаулық сақтау қызметкерлерін топқа бөліп, олардың жақындасуын шектеу үшін түрлі бағыттар құруды қамтитын нақты қауіпсіздік шараларын жасау қажет, - деді вице-министр.
Жергілікті атқарушы органдардың міндеті - осының барлығын тиісінше орындау. Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл үлкен қаржылық шығындарды қажет етпейді. Мұнда ең маңыздысы - сақтық пен тәртіп, біздің медициналық қызметкерлеріміз өздерін қорғап, осы қиын-қыстау уақытта сапта болуы керек, - деп сөзін түйіндеді Камалжан Надыров.