Алматыда Орталық аурухананың тағы 35 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

Facebook/ Elzhan Birtanov
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жаңа вирус түрін жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны қазір 182-ге жетті.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында тағы 35 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

№12 ауруханада жаңа вирус түрін жұқтырған дәрігерлердің жалпы саны қазір 182-ге жетті. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Осыдан бір күн бұрын - 14 сәуірде Орталық қалалық клиникалық ауруханада КВИ жұқтырған дәрігерлердің саны 147-ге жеткені белгілі болды. Осыдан кейін аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев жұмыстан босатылды. Ол аурухана қызметкерлеріне қысым жасалмас үшін қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді. №12-ші аурухананың бас дәрігерінің міндеті Марат Абдуллаевқа жүктелді.

Қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова ауру жұқтырған дәрігерлер алғашқы кезде коронавирус белгілері барына қарамастан, дене қызуын түсіретін дәрілер ішіп, өз жұмысын жалғастыра бергенін айтты.

Ол инфекция көзі анықталғанын да айтты. Ол - наурыз айының соңында МРТ-ға тексерілген науқас. Науқас бөлім дәрігерімен және медбикемен байланыста болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды