Алматы Қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы өз-өзін оқшаулады

Алматы қалалық әкімдігі
Ол дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырған Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында болған.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев оқшауланып, өз жұмыс кабинетінде отыр. Ол бұл туралы Хабар 24 арнасындағы тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен 6 күн бұрын Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барғандықтан, науқастармен байланыстағы адам болуым мүмкін, сондықтан өзімнің әріптестеріме және қала тұрғындарына қауіп төндірмес үшін осылай оқшаулануды шештім. Әріптестеріммен бірге қаламыз карантинге жабылғалы бері мен 3 рет тест тапсырдым, үшеуінің де нәтижесі жаман болмаған, - деді Әбілдаев.

Алматы қаласында 15 сәуірдегі жағдай бойыннша, коронавирус жұқтырғандардың 370 дерегі тіркелді, оның алтауы - балалар, үшеуі - жүкті әйелдер. 311 адам коронавирус инфекциясынан ауруханаларда емделіп жатыр, оның ішінде Алматы облысының науқасы да бар. Екі кісі өлімі тіркелді. 58 адам емделіп, ауруханадан сауығып шықты. 253 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Үшеуінің жағдайы ауыр, 55 ересек адамның жағдайы - орташа.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме