Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың қаулысымен Абылай хан-Рысқұлбеков-Мүсірепов - Мұстафин көшелерінің шаршы алаңында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Периметрі бойынша қоршау белгілері орнатылды. Онда полицейлер кезекшілік етеді.
Осы учаскенің 9 үйі карантинге алынды: Мүсірепов көшесі 4, 7, 7/1, Рысқұлбеков көшесі 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафин көшесі 21, 21/5.
Осы үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендерінен, үйге тапсырыс берген дәрі-дәрмектерден басқа үйден шығуға тыйым салынады. Әскери күштермен учаскеде дезинфекция бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы учаскілер карантинге алынды. Сонымен қатар, қысқа уақыт аралығында КВИ анықталған көшелерінің қиылысында Абылайхан – Рысқұлбеков – Мүсірепов, Мұстафин көшелері де карантинге алынды.
16 сәуірде Нұр-Сұлтанда 22 нысанда карантин енгізілді:
4-денсаулық сақтау объектілерінде, 2-жатақханаларда, "Шарапат" ОСО МКҚК, Ұлы-Дала к-сі, 17/1 ТК, 38 к-сі, 10-үй, Е-10 к-сі, 2-үй, Бастөбе к-сі,33-үй, Сығанақ к-сі, 18/1, А. Чехов к-сі, 40-үй, Мүсірепов к-сі,7-үй, Рысқұлбеков к-сі, 8а-үй, Брусиловский к-сі, 18-үй, 187 к-сі, 20-үй, Иманов к-сі, 41 – үй,
№1 автопарктен, екі жатақханадан, 10 кіреберістен, үш медициналық ұйымнан карантин алынды.