Ескі 500 теңгелік 10 маусымнан кейін жарамсыз болады

accountant.kz
Оны екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банкте жаңасына ауыстырып алуға болады.

ҚР Ұлттық банкі 2020 жылдың 10 маусымында 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта, 2006 жылғы 500 теңгелік банкноттар жаңасымен бірге ақша айналымда жүр, ол заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлемдер мен ақша аударымдары үшін қабылдануға тиіс.

2020 жылдың 10 маусымына дейін төлем құралы ретінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Банкнот пен монеталарды қабылдайтын заңды төлем құралы автоматтар да ескі 500 теңгелікті қабылдаудан бас тартуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соғады, деп хабарлады Ұлттық банктегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты