42 500 теңге әлеуметтік төлем неге берілмейді?

Жолданған өтімнің 2,15 млн-ына немесе 37%-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 127 млрд-тан астам теңге сомасына 3 млн-нан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 млн-ына немесе 37%-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген (157 мыңға жуық өтінім);

Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген (80 мыңға жуық өтінім);

Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);

Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген (863 мыңға жуық өтінім);

Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген (1,16 млн-ға жуық өтінім);

Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген (534-ке жуық өтінім).

"42 500 теңге" әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заңнамаға сәйкес қайта тексерілетінін мәлімдейміз.

Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:

Алушының атауы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Халық банк пен Kaspi Bank-те шоттары бар азаматтар, "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің мобильді қосымшасы арқылы қайтара алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: