Жітіқарада полиция қызметкері КВИ жұқтырып, бүтін жеке құрам карантинге жабылды

Polisia.kz
Науқас полиция қызметкері қызметтегі барлық әріптестерімен байланыста болған.

Жітіқарада полиция қызметкері коронавирус жұқтырды. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауру жұқтырған полиция қызметкерінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ол өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде науқас адаммен байланысқа түскен, деп жазады Қостанай жаңалықтары порталы.

Полиция қызметкері қызмет бабындағы іссапармен Қостанайға барған. Онымен байланысқан болған сол арадағы 100-ден астам экспресс-тесттен өтті, ешкімнен вирус расталған жоқ. Жітіқарада онымен байланыста болған 11 адам, үй карантиніне қамалды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазір Жітіқара полиция бөлімінің жеке құрамы да үй карантинінде. Аудандық полиция бөлімі зарарсыздандырылды.

17 сәуірде сағат 12:24 уақыты бойынша, елімізде коронавирусты жұқтырудың 1480 дерегі тіркелді. Оның ішінде 285 адам емделіп, жазылды, 17 адам қайтыс болды. Қостанай облысында КВИ-мен 7 адам анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті